Қой

"Басын тесті-ау". Жасөспірім қоймен сүзісемін деп оңбай таяқ жеді

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Интернетте жас баланың қора маңында қоймен сүзіскен бейнежазбасы жұртты күлкіге қарық қылды.

Тіпті бала басын ұстап жылап қалады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қоймен сүзіскен баланың бейнежазбасы Facebook-те тарады. Видеода қора маңында алаңсыз отырған жасөспірім еңкейіп қарсы тұрған қойға сес көрсетеді. Ал жануар оның бұл әрекетіне бірден жауап берген. Екпінмен сүзіп кеп жібергенде жас бала басын ұстап, жылап қалады.

Желі қолданушылары өскелеңнің әрекетіне түрлі пікір қалдырды. Бірі аяушылық білдірсе, бірі болашақта сабақ болады дегенді жазған.

"Ойбай-ау, басын тесті-ау". "Миы аузына түскен шығар". "Нең бар еді, енді болашақта сабақ болады". "Баланың таяқ жеп өскені де дұрыс". "Малдың аты мал ғой, абайламайсың ба, балам-ау",

— деген жазбаларын жазуда желідегі жұрт.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров