Құрылыс

Алматыдағы тұрғын үй құлауға жақын. Тұрғындар пәтерлерін тастап қашып жатыр

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматыдағы тұрғын үй кешендірінің бірінде тұрғындар пәтерлерін тастап қашып жатыр. Олар жақын күндері үйлері құлайды деп уайымдайды.

Мұндай жағдайға кешен маңында жүргізілген құрылыс жұмыстары себеп болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Пәтерлерін тастап, қауіпсіз жерге қашқан тұрғындардың мәселесі 1 жыл бұрын басталған. Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, мұндай жағдайға кешен маңында басталған құрылыс жұмыстары себеп болыпты. Mauntain Drive тұрғын үй кешені тұрғындары бұл мәселені құрылыс компаниясына ескерткен. Бірақ бәрібір жағдай дұрыстала қоймапты.

"Бұл жердегі пәтерлердің бағасы арзан емес. Халық тыныш, әрі жайлы өмір сүру үшін сатып алды емес пе. Тура кешен маңынан бір жыл бұрын тағы бір тұрғын-үй құрылысы басталды. Қазандығын қазып бітемін дегенше, салдары бізге тиіп отыр. Топырақ үгітіле бастады. Біздің кешенмен шектескен тұстың топырағын нығыздау керек деп ескерттік. Бірақ бәрібір одан нәтиже жоқ. Үгітілген топырақ біздегі тұрғын үй кешеніне салдарын тигізіп отыр", — дейді тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері ұйымының жетекшісі Руслан Қылымов.

Бұл құрылысты дереу тоқтату керек. Үйіміз қирау үстінде тұр. Қабырғасы айырылып, пәтер ішінің сиқы қашты,

— дейді тұрғыныдардың бірі.

Аталған жағдай әкімдік құлағына жеткен. Бірден тексеру жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысына сай құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатуға шешім қабылданған.

Құрылыс компаниясына байланысты сараптама жасалды. Нәтижеге сай жиекті нығыздату керек екені айтылды,

— дейді құрылыс басқармасының бас маманы Мадияр Туғанбеков.

Тұрғындар жаппай көпқабатты үй салу өте қауіпті екенін, әрі бұл іске қатысты дұрыс шешім шығаратынына үмітті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров