Оқушылар

Оқушы зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесетін мобильді қосымша ойлап тапты

Кәмшат ҚОПАЕВА

Коллаж ЭК

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы UmaiAsar мобильді қосымшасын жасап, авторлық құқыққа ие болды.

Бұл қосымшаны 11 сынып оқушысы Аян Қайырбек жасап шығарды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қосымша Android құрылғысы арқылы пайдаланылады. Оған кіру үшін номерді тіркеу керек. Кейін геолокацияны қосу қажет. Бұл мекен-жай дерегін анықтап, хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

Жобаның жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Шадияр Тәжіғуразовтың айтуынша, қосымша көмегімен зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады.

Аян Қайырбек жоба туралы былтыр карантин кезінде ойланыпты. Себебі сол уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғалары жиі тіркелген. Осылайша оқушы іші істер, төтенше жағдайлар министрлігіне "техникалық тұрғыдан 102, 112 номеріне хабарлама жіберуге мүмкіндік бар ма" деп сұрап, ресми хат жолдаған. Өкінішке қарай ондай мүмкіндік жоқ екені, осы бағытта жұмыс жасалып жатқаны туралы жауап келеді.

Аян жаңа құрылғыны жасауды қолға алады. Сөйтіп UmaiAsar қосымшасын жасады.

Бұл бағдарламада еліміздегі дағдарыс орталықтары, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері, құқықтық база туралы ақпарат бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров