Блогер

"Саламалейкум". Атышулы блогер енді полицейді шошытты

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Шулы блогер Алматы көшелеріндегі полиция бекетіндегі қызметкерді айғайлап шошытты.

Оның бұл әрекеті желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін метрода айқайлап, эскалаторды зорлап жүрген шулы блогер ТикТок-та тағы сынға қалды. Өзінің бейнежазбасында желі қолданшыларымен амандасып, хал-жағдай сұрасу үшін, ол көшедегі полиция бекетіне кіріп кеткен. "Саламалайкум" деп айқайлағаннан бекет ішінде отырған полицей шошып кеткенін көруге болады.

Артынша бекеттегі тәртіп сақшысы есін жиып "бауырым" деп шақырып еді, блогер бұрылмай кете берді. Оның бұл әрекетіне оқырмандары түрлі пікір жазды.

"Кешірім сұраған видеосын күтеміз". "Осының дені сау емес сияқты". "Базар жоқ, қуады екенсің". "Ол да қазақтың баласы ғой, бір-біріңді сыйласаңдаршы". "Мұндай ерсі қылық істеу өте ұят",

— деген сынға толы жазбаларын қалдырды желідегі жұрт.

Еске салайық, ЭК бұған дейін бұл жігіттің метрода айлайлап, эскалаторды зорламақ болғанын жазған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров