Ән

"Казахстан наш". Қоғам белсенділерін Мәскеуде өткен концерт алаңдатты

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Мәскеуде Ресейдің әрекетін қолдау мақсатында шеру-концерті өтті. Бірақ Қырым мен Ресейдің қосылғанына 8 жыл деген тақырыпта ұйымдастырылған шарада айтылған ән ел белсенділерінің алаңдаушылығын тудырған.

Яғни, Олег Газмановтың әні дәл осы шеруде орынсыз дегенді алға тартты, деп хабарлайды Экспресс К.

Олег Газмановтың "Я родился в Советском союзе" деген әнінен үзіндіні қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік парақшасында жүктеген. Сол арқылы ол бұл әннің орынсыз айтылғанын жазуда.

"Казахстан наш" дей ме? Мәскеуде Қырымның Ресеймен қосылғанына 8 жыл толуына орай шеру-концерті өтті. Дәл осы шара арқылы үлкен аудиторияға Ресейдің басты мақсатын сіңіру көзделгені көрінеді. Әрине, бұған қарап қазіргі көліктеріне саяси белгі жабыстырғандардың да қайда қарап ой түзейтінін айқын аңғарамыз. Әннің қай кезде, қалай жазылғаны маңызды емес. Маңыздысы дәл қазіргідей екі ел арасындағы шиеленістің ушыққан уақытында қолданылуы ғой. Тіпті осы Газмановтың Ресей жеңісінен кейін Киев төрінде шығармашылық жеке концертін береді деген мемдер де тарап жатыр", дейді Мұрат Әбенов.

Ал желі қолданушылары қоғам қайраткерінің бұл ойына қосылатынын, алаңдаушылық білдіретінін және қазірден бейтарап бағытта болу қажет екенін жазып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров