Newscorr
Newscorr: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында тұрып қалған азаматтар шу шығарды


Видеодан кадр
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында сағаттап кептелісте қалған азаматтар кедендік бақылау қызметі мамандарының жұмысына наразылық білдірді.
Сол сәттен бейнежазбаны сондағы адамдардың бірі Экспресс К сайтының Newscorr қызметіне жүктеген.
Бейнежазбада жеңіл көліктердің бекет алдына таласып тұрғанын көруге болады. Тіпті азаматтар кеден қызметкерлеріне айқайлап жатыр. Бейнежазбаны жариялаған жолаушының бірі шекара бекетінде 5-7 сағат кезек күтуге мәжбүр екенін жазған.
Экспресс К мәселенің мәнін білу үшін жауапты органға сұрау салды.
Бөлісу