Ішімдік

Атырауда полицейлерден қашқан мас жүргізуші суға секірді

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Атырауда мас күйінде көлік айдаған тұрғын полицейлерден қашып, Жайық өзеніне секірді.

LADA Priora автокөлігінің жүргізушісі тәртіп бұзды, деп хабарлайды Экспресс К.

Полицейлер Владимирский және Гумаров көше қиылысында күдік тудырған көлікті тоқтатады. Алайда жүргізушісі ескертуге қарамай, "Авангард" мөлтек ауданындағы үйлердің тұсына дейін тоқтамай жүреді. Кейін көлігінен түсіп, көпірге қарай жүгіріп, Жайық өзеніне секіреді.

Патрульдік полиция қызметкерлері аға лейтенант Жексенбек Нұрымов пен полиция лейтенанты Данабек Сақауов күдіктіні ұстады. Тексере келе 33 жастағы ер адамның жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Соған қарамастан мас күйінде көлік жүргізген. Ол өзінің көп ішіп қойғанын, сондықтан осындай қадамға барғанын айтып, ақталды.

Аталған оқиға негізінде хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров