Newscorr

Newscorr: Жолда тұрып қалған жүк көлігіне төрт күннен бері көмек көрсетілмеген

Экспресс К

Видеодан кадр

"Ақтөбе-Орал" тас жолының бойында жолдан шығып кеткен жүк көлігінің иесі, 4 күн бойы азаптанып жатқанын айтты.

Азаматтардың жол бойындағы сәтін сондағы адамдардың бірі Экспресс К сйтының Newscorr қызметіне жүктеген.

Бейнежазбада өзін Асқар Айтқұлов деп таныстырған азамат 15-ші наурыздан бастап жолдың бойында тұрғанын айтады.

Ақтөбеден шыққан көлік жолдың тайғақтығынан, оң жаққа қарай ауып түскен. Асқар көмек сұрап төтенше жағдайлар департаментіне, өзге де тиісті орындарға хабарласқан. Алайда құтқарушылар адам шығыны болмаса келе алмайтындарын айтса, енді бірі техника жоқ деген. Амалы таусылған азамат 400 мың теңгеге техника жалдап, көлігін шығарып алып жатыр.

Ешкім келіп жағдайымызды сұрамайды. Жол полициясы өтіп кетеді. "Қазавтожол" жолды дұрыс тазаламаған. Соның кесірінен жігіттер азапқа қалып жатыр,

— дейді Асқар.

Бейнежазбада жігіттердің таңнан кешке дейін көліктерді жолға салу үшін әуреленіп жатқаны көрінеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров