Кәрім Мәсімов

Мәсімовтің АҚШ-тағы бизнестері және кімдердің атына рәсімделгені белгілі болды

Олжас НҰРЖАҚЫП

Кәрім Мәсімов

Мемлекетке опасыздық жасау бабымен қамауға алынған Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің АҚШ-тағы біршама ірі бизнесінің беті ашыла бастады. Тіпті ол компаниялардың сол ел экономикасында үлкен рөлге ие екені де анықталды.

Оның компанияларының басым бөлігі туыстарының атына рәсімделген, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұзақ жылдар бойы тек комитетте аты аталған Мәсімовтің АҚШ-тағы ірі бизнестері шетінен белгілі бола бастады. Бұл жолы бірқатар туысының атына рәсімделген ірі компаниялар тізімін Smi24 ақпараттық сайты жазған.

Мысалы, Мәсімовтің әйелі Дилярам Мәсімованың інісі Дильшат Машуровтың атына АҚШ-тың Аризона штатында тіркелген ірі комания анықталды. Ол денсаулық сақтау және туризм саласы бойынша қызмет көрсететін DM Security Inverstments LLC компаниясының құрылтайшысы. Аталмыш кәсіпорынның басшылық құрамында Мәсімовтың енесі Дурням Машурова және Дилшаттың әйелі — Наргиза Машурова бар.

Наргиза Машурова, , Техастағы Eusorone Tehnologies атты мұнай-химиялық логистика компаниясының да құрылтайшысы.

Сонымен қатар Наргиза Машурованың атына тамақ өнімдерін жеткізу және дайындау қызметін көрсететін колифорниялық TEMUJIN FOODS компаниясы тіркелген.

Ал Наргиза Машурованың інісі Назым Палташев Дэлавер штатындағы инвестициялық-консалтингтік қызмет көрсететін Altay Capital компаниясына иелік етеді.

Қазақстанның Сан-Францискодағы бас консулдығы консультативті кеңесінің мүшесі, Наргиза мен Назымның әкесі Тимур Палташевтың атына GATCHINA NANOELECTRONICS компаниясы және Калифорнияда орналасқан 221 шаршы метрлік зәулім үй рәсімделген екен. Ол сонымен қатар, америкалық AMD компаниясында жұмыс істейтіні белгілі болды.

Жалпы айтқанда, Мәсімовтің айналасындағы туыстары жыл санап өз бизнесін өзге мемлекеттен құра бастаған. Ең негізгісі АҚШ.

Еске салайық, ЭК бұған дейін Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын жазған еді. Кейін прокурор оның қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров