Голос жобасы

Шымкенттік оқушы Ресейдің "Бала дауысы" байқауында қазылар алқасын таң қалдырды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Шымкенттік оқушы Сағын Өмірбайұлы "Бала дауысы" (Голос. Дети) байқауының іріктеу кезеңінен өтті. 11 жасар әнші ерекше дауысымен көпті таң қалдырды.

Қазылар алқасы қатысушының Шымкенттен келгенін естіп, мақтай жөнелді. Тіпті шымкенттіктерге сәлем жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Сағын Өмірбайұлы байқаудың іріктеу кезеңінде "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін итальян және орыс тілдерінде орындады. Қазылар алқасының екі мүшесі: Полина Гагарина мен Баста оқушының дауысына таң қалып, өз командаларына шақырды. Сағын Өмірбайұлы Полина Гагаринаны таңдады.

Шымкенттік қатысушы өзінің ерекше дауысымен әлемді мойындатқысы келетінін алға тартты. Әннен бөлек домбыра аспабында ойнайды. Сонымен қатар бос уақытында сурет салғанды ұнатады.

Полина Гагарина оқушыға сурет салуды үйретерсің деп қолқа салды.

11 жасар қатысушы қазылар алқасымен қол алысып, қоштасады. Осы сәтте Баста Сағынның нағыз шымкенттік екені көрініп тұрғанын, оны қол алысып, амандасқанынан байқағанын айтады.

Байқау жүргізушісі Дмитрий Нагиев шымкенттік баланың дауысына тәнті болғанын және талантты әнші екенін айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров