Теңіз порты

Ақтау теңіз портына жарылғыш зат қойлғаны туралы хабар тарады

Экспресс К

Ақтау теңіз порты

Ақтаудағы теңіз портына белгісіз біреу жарылғыш қойылғаны туралы хабар таратқан.

Бұл туралы Lada.kz сайты жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Осы сайттың жазуынша, ақпаратты теңіз порты мен көліктегі полиция департаменті растаған. Полицияның мәліметінше, бұл дерек желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне, яғни ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тіркелген.

Бұл баптың санкциясы бойынша кінәлі адамға бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сонымен қатар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Департамент тергеудің құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайтынын мәлімдеген.

Қазіргі таңда теңіз порты қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров