Ұрлық

Ақтөбеде коньяк ұрлаған адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Кәмшат ҚОПАЕВА

©Коллаж ЭК/instagram.com

Ақтөбеде азық-түлік дүкенінен белгісіз біреу Hennessy коньягы мен үш қорап Merci тәтісін ұрлап кеткен.

Бұл туралы Instagram-дағы Zello_aktobe.04 парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада ер адам дүкенді еркін аралап, қолына ұстаған коньякті қойнына тығып алады. Бұнымен қоймай қымбат шоколадты да күртешесінің ішіне сүңгітеді.

Видеоның астына ұрының тағы бірнеше тауарды алып кеткені жазылған. Ер адам ұрлықты бір өзі жасамаған. Қасындағы тағы бір адам сатушының назарын өзіне аударып тұрған.

Осы оқиға бойынша полицияға арыз жазылған. Қазір ұры іздестіріліп жатыр.

Видеоның астына әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырыпты. Бірі ер адамның "ұяты жоқ" екен десе, енді бірі сол үшін түрмеге түсетінін айтып, аяушылық білдірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров