Полицейге айқайлаған блогер қамауға алынды


Видеодан кадр
Жүрген жерін шулатып жүруді әдетке айналдырған блогер бүгін қамауға алынды.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысы Рүстем Әбдірахманов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бүгін ол Алматы көшелеріндегі полиция бекетіне кіріп, жұмыс істеп отырған полиция қызметкеріне айғайлаған видосын жариялаған.
Оның мұндай әдепсіз әрекеті желі қолданушыларының сынына қалды.
"Бүгін Instagram қолданушылары осы бейненің астына наразылық білдіріп, пікір қалдырды. Біз бірден тексеруді бастадық. Бейнероликтің авторы бізге бұрыннан таныс К. есімді 23.06.1991 жылы туған азамат. Ол бүгін Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Бұл азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа жатады. Айта кету керек, бұл азамат осындай құқық бұзушылықтарға бірнеше рет барған", — деп жазды қалалық ПД басшысы Рүстем Әбдірахманов.
Еске салайық, ЭК бұған дейін атышулы блогер полицейді шошытқанын, метрода айқайлап, эскалаторды зорламақ болғанын жазған еді.
Бөлісу