Билеу

Қытайда "Қаражорға" билеген бүлдіршін көпшілікті сүйсіндірді

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Наурыз мерекесіне арналған іс-шарада қазақша би билеген кішкентай қыз көпшілікті сүйсіндірді. Бұл бейнежазбаны көргендер оны Қытайда түсірілгенін жазып жатыр.

Қытайда қазақтың ұлттық киімінімен "Қаражорға" биін билеген кішкентай қыз көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қытайдың қазақтар қоныстанған аймағында өткен наурыз мерекесіне ұлттық би билеген кішкентай қыздың қылығы көпшілікті тәнті етті. Мың бұрала билеген қыз баланың өнеріне желі қолданушылары жоғары баға берген.

"Қаражорғаны" билеген бүлдіршіннің кім екені белгісіз. Бірақ оның Қытайда тұратын қазақ диаспорасының өкілі екендігін жазып жатыр.

Желіде жылы пікір білдіргендер "Қанша жерден қытай көп болса да қазақы қан тартпай қоймайды", "Па, шіркін! Қазақ қай елде де қазақ!", "Қылығыңнан айналдым, ботақаным!" деген сыңайда құрмет білдірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров