Жылу

Петропавлда жылу-электр орталығының мұржасы құлады

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Петропавлда жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлады.

"СевКазЭнерго" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

"20 наурызда сағат 19:05-те Петропавл қ. "СевКазЭнерго" АҚ ЖЭО — 2 де бірінші түтін мұржасы бұзылып, қазандық бөлмесіне құлады. Қазіргі уақытта жылумен жабдықтау төмен қысыммен берілуде, резервтік қазандықтарды жұмысқа қосу жұмыстары жүргізілуде, электрмен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", — деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында әкімдік жедел штаб ұйымдастырды, ТЖД, өрт сөндірушілер күшімен зардап шеккендерді анықтау, суды сору және үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Министрліктің мәліметінше, технологиялық бұзушылық салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі жедел жәрдем қызметіне хабар сағат 19.20-да түскенін, әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров