Наурыз тойы

Америкалықтар қазақ халқын Наурыз мерекесімен қазақша құттықтады

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Қазақ жігіті америкалықтарды қазақ тілінде сөйлетті. Сөйтіп, АҚШ азаматтары қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шетелдіктердің құттықтау сәтінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Онда қазақ жігіті АҚШ-тың Флорида штатында жүргенін айтқан. Қара нәсілді жігіттен "Наурызға дайындық қалай? Наурыз көжені ұнатасың ба?" деп сұрайды. Шет ел азаматы "Жақсы, наурыз көже ішемін" деп жауап береді. Кейін түрлі АҚШ азаматтарының Наурыз мерекесіне арнаған құттықтауын видеоға түсіреді.

"...Жадырап жайнап, күліп ойнап жүрген, арда қазақ! Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!", — дейді флоридалықтар қазақ тілінде.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары АҚШ азаматтарының бұл құттықтауына дән риза болып, алғысын жаудырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров