Барыс жылы

Барыс жылы қазақ үшін қандай болмақ?

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

twitter.com/mickwarwick2

Қазақтың жыл санауы бойынша, биыл Барыс жылы келіп жатыр. Бұл жылдың қандай ерекшелігі бар?Көпшілікті не күтеді және қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Қазақ тарихында орын алған оқиғаларға көз жүгіртсек , бұл жыл әр кезде өзінің ерекшелігімен есте қалған, деп хабарлайды Экспресс К

Барыс — сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Тарихқа көз жүгіртсек, мұндай жылдары түрлі қиыншылықтар да болған, халықтың жағдайы жақсарған кезеңдер де өткен.

Солардың ішіндегі қазақ халқы үшін ең елеулілерінің бірі — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Дәл сол кезеңде қазақ пен жалпы әлем тарихы үшін өте маңызды жағдайлар болғанын жұрт жақсы біледі. Ал Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихта Барыс жылы орын алған маңызды оқиғалардың ішінде елорданың Сарыарқа төріне көшуін айтуға болады. Барыс жылы туған адамдар қажырлы, қайратты, бекзат, жомарт болып келеді дейді.

Тарихшы-этнограф Сауран Қалиевтің айтуынша, барыс — тек қазақ қана емес, жалпы түркі әлемі үшін ерекше аң. Барыс бейнесі байырғы тарихта өте көп кездеседі. Бұл жануарды ата-бабамыз ерекше қадірлеген, күш-қуаттың символы деп білген.

Халық Барыс жылында қоғамда үлкен өзгерістер болады деп күткен. Барыстыкіндей күрескер мінездің қажет екенін жақсы білген. Биыл елдің ұғымына сай тыныштық, жайлы өзгерістер болады деп болжай аламыз. Маңызды оқиғалардың болуы да ғажап емес,

— дейді Сауран Қалиев.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Барыс жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп те танылған. Ал жалпы алғанда бұл жыл қазақтар үшін жайсыз болады деуге келмейді.

Мамандар Барыс жылы табысқа жету үшін адамдар өз бойындағы энергиясын дұрыс жұмсауы қажет деп санайды. Үнемі қозғалыста, шапшаң қимылда болу қажет. Барыс секілді батыл жүріп, жедел шешімдер қабылдауды ұмытпау керек.

Көнекөз қариялардың айтуынша, егер де барыс ауылдық жерлерге жақын жүріп, адам көзіне түсетіндей қашықтықта байқалса, онда сол жылы жақсы жаңалықтар көп болады. Ақсақалдар қандай жағдай болмасын аңға қарай мылтық атылмау керектігін ескертеді. Мылтық даусынан аңмен бірге сол маңнан құт та қашады деген тәмсіл бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров