Қапшағай

Қапшағайда үй қымбаттап кетті

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қала облыс орталығы болады деген хабардан кейін Қапшағайда тұрғын үй 40% қымбаттаған.

Риэлторлардың мәліметіне қарағанда, әр шаршы метрі, орташа есеппен, 300 мың теңге болмақ, деп хабарлайды Экспресс К.

Бір бөлмелі үйлер бұрын жеті миллион теңге болса, қазір 11 миллион теңгеден басталады. Екі бөлмелі үйлер бағасы 12 миллионнан 20 миллион теңгеге өскен.

Жылжымайтын мүлікті сатып алуға негізінен Талдықорған, Қаскелең және Шымкент тұрғындары қызығып отырғаны 31-арнаның жаңалықтарында айтылды.

Ал жалға беру бағасында әзірге өзгеріс байқалмайды. Бір бөлмелі пәтер 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, екі бөлмелі пәтер — 125 мың, үш бөлмелі пәтер — 150 мың теңгеден.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров