Әуе тасымалы

Нұр-Сұлтанда 45 жолаушы ұшақ бортынан шығарылды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтан - Қостанай рейсінен 45 жолаушы шығарылды.

Азаматтық авиация комитеті себебін түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

"2022 жылдың 19 наурызында Нұр-Сұлтан — Қостанай бағыты бойынша Fly Arystan-ның КС-7341 рейсі жоспарланған A320 ұшағында уақытша техникалық шектеулер анықталды, осыған байланысты ұшақ бортына тек 110-нан аспайтын жолаушы қалуы керек болды. Шектеулер белгіленгеннен кейін осы рейспен ұша алмаған 45 жолаушыға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетілді", — делінген хабарламада.

Бұл — билеттерді басқа күнге қайта ресімдеу немесе билеттер құнын қайтару (билеттер қайтарылған жағдайда жолаушыларға билет құнынан үш еселенген сомаға билет сатып алу мүмкіндігі беріледі). Осыған байланысты 13 жолаушыға ақшасы толық қайтарылып, 32 жолаушы 20 және 21 наурызда ұшуға келіскен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров