Жылу
Президент Петропавлды тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды


instagram.com/egorikknazev
Жылу электр станциясында болған апаттан тұрғын үйлер мен мекемелер әлі жылусыз отыр.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Экспресс К
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың апат салдарын жою туралы есебін тыңдады. Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы — жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.
Мемлекет басшысы тез арада апат салдарын жойып, тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. Петропавлда жылу — электр орталығының мұржасы құлап, апат орын алғаны жайлы ЭК жазған болатын.
Бөлісу