"Давай , Жәмила!" Қыздардың қол күресіне жұрт риза болды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қол күресінен сайысқа түскен қыз-келіншектердің бейнежазбасы таралып жатыр. Спорттық жарыс Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылғанға ұқсайды.

Бейнежазбадағы көрініс қазақтың "Күш атасын танымайды" деген нақылының дұрыстығын тағы бір дәлелдеп отыр, деп хабарлайды Экспресс К

Видеодағы бұрымды қарсыластардың салмақ дәрежесі әртүрлі екені анық көрініп тұр. Сайыс басталмай жатып көрермендер басына ақ орамал таққан Жәмила есімді келіншектің жеңіліп қалатынын болжағандай болып еді. Алайда, Жәмила оңай берілмейтінін бірден танытты. Тіпті өзінен шамамен екі есе дәу қарсыласын тырп еткізбей ұстап, ұтып кетті. Шынашақтай қызда мұндай күш болады деп ойламаса керек, Жәмиланың денелі қарсыласы абдырап қалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров