Петропавлдағы жылу орталығында болған апаттың видеосы жарияланды


Видеодан кадр
Жылу орталығында түтін шығатын үш мұржаның бірі ортасынан бөлініп, қазандықтың үстіне құлаған.
Апаттың себебі әлі белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К
Қазіргі таңда оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге нысандағы 12 қазандықтың екеуі ғана жұмыс істеп тұрғаны белгілі. Жуық арада тағы 4 қазандықты іске қосу жоспарда бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан зардап шегіп отырған қала тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жылу-электр орталығындағы апат кеше кешке болған еді. Құлаған мұржаның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тоннаны құрайтын.