Президент

"Қызмет керек емес". Актер "Наш Президент тигр" деген сөзіне қатысты жауап берді

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com/_omarov_rustem

Алматы қаласында "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" атты фестиваль өткен. Сол жиында танымал актер Рүстем Омаров "Наш Президент тигр" деп ұрандатқан болатын.

Ол Instagram парақшасында не үшін олай айтқанын түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мұны біреуге ұнау үшін немесе жағымпаздық тұрғысынан айтқан жоқпын. Депутаттыққа немесе әкім болуға ұмытылмаймын да. Ешқандай қызмет қызықтырмайды.Мемлекеттік қызметке де мүлдем бармаймын. Мемлекеттік награданың да қажеті жоқ,

— дейді актер.

Ол мемлекеттік орден-медальдан үнемі бас тартып жүргенін айтты. Сонымен қатар "Наш Президент тигр" деп айтуының себебі басқа екенін жеткізді.

Мен жастардың тілінде сөйлегім келді. "Тигр" деген жеке басқа табынушылық емес. Мен Президенттің қазір істеп жатқан жұмысына байланысты айттым. Өйткені нағыз жолбарысша алысып жатыр. Біз бұл сәтті көп күттік. Арыстан орнынан қозғалды,

— дейді Рүстем Омаров.

Ол Президенттің қазіргі әрекеті қуантатынын айтты. "Анау жаман, мынау жаман" деп сынай бермей, қолдау көрсетейік дейді актер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров