Тоқаев Наурыз мейрамында алматылықтармен қауышты


ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы әз Наурызды оңтүстік астана халқымен бірге тойлау үшін шаһарға арнайы барған болатын. Президент "Астана" алаңында жиналған жұртшылықтың алдында сөз сөйлеп, тұрғындарды Ұлыстың үлы күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында Алматының алар орны ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Экспресс К


Президент Алматы қаласын өркендету мен жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту әрқашан ерекше назарында болатынын айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы құзырлы органдарға Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген нысандарды тез арада қалпына келтіруді тапсырғанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жарияланған жолдауындағы негізі мәселелерді де тілге тиек ете кетті.
Елімізді түбегейлі жаңғыртуды көздейтін ауқымды реформалар ұсындым. Ол реформалар мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге бағытталған. "Жаңа Қазақстанды" құру дегеніміз, тек мемлекеттік аппаратты жаңғырту емес, бүкіл қоғам, әрбір адам өзгеруі керек,


Оқи отырыңыз:
Мемлекет басшысының ойынша, бүгінгі құбылмалы заманда береке-бірлік пен тұрақылықты сақтай білу өте маңызды. Осыны әр адам жақсы түсінуге тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына қажетті қадамдарды жасауда алматылықтарға зор сенім артатынын жеткізді.


Сөз соңында Президент көпшілікті , соның ішінде әсіресе жастарды бірлікте болуға шақырып, мерекемен құттықтады.
Тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміз жасай берсін! Жаңа Қазақстан құтты болсын! Әз Наурыз құтты болсын! Баршаңызға аманшылық тілеймін!,