Наурыз тойы

Талдықорғанда балуандар түйе көтеріп жарысты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр/ЭК

Талдықорғанда Наурыз мерекесі кең ауқымда тойланып жатыр. Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық ойындар ұйымдастырылып, 2 литр наурыз көже таратылды.

Балуандар түйе көтеріп, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

©/ЭК©/ЭК
©/ЭК

Түйе көтеру жарысы Талдықорғандағы жастар саябағында өтті. Төрт түлік төресінің салмағы — 280 келі. Күш сынасу сайысында түйені көтеріп, алға қарай ең көп қадам жасаған палуан, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Ибрагим Берсанов жеңіске жетті. Жарыс шарты бойынша жеңімпазға өзі көтерген түйе сый ретінде берілді.

©/ЭК©/ЭК
©/ЭК

Ал қошқар көтеру сайысында грек-рим күресінен жаттықтырушы Айдын Нұғымаров жеңіске жетті. Ол қошқарды 210 рет көтерді.

Бұдан өзге жастар саябағында қошқар көтеру, асық ату, арқан тартыс, қазақша күрес, кір тасын көтеру және ләңгі тебуден жарыстар өтіп жатыр.

©/ЭК©/ЭК
©/ЭК

Айта кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысында аз қамтылған отбасылардың балаларына 20 мың дана киім жиынтығы таратылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров