"7 метр жоғарыға ұшқан". Голливуд киноларындағыдай жол апаты жұртты шошытты

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр/Коллаж ЭК

Апатқа ұшыраған Toyota "Абай жолы" деген жазуы бар биік қабырғаның үстінен қарғып өткен. Жол талғамайтын көлік қабырға үстінде орнатылған көлемді әріптерді жұлып түсіріпті.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоны көргендер джип өте қатты жылдамдықпен жүйткіген деген болжам айтуда, деп хабарлайды Экспресс К

Жұртты таңғалдырған оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. Бейнежазба авторының айтуынша, Абай жолы деп аталатын ауыл жақтан бет алған көлік келген бойда биіктігі 6-7 метрге жететін қабырғадан қарғып өтіп кеткен.

Салмағы ауыр машинаның мұндай биікке қалай көтерілгені көпшілікке түсініксіз. Әйтеуір абырой болғанда рөлде отырған адам аман қалыпты.

Автокөлік алдының түгелдей тас-талқаны шығыпты. Жапониялық джип енді қайта қалыпқа келтіруге жарамайтынға ұқсайды.

Бұл жол апаты бойынша Семей қалалық полиция басқармасында әкімшілік хаттама толтырылған. Анықталғанындай, 17 наурыз күні 34 жасар тұрғын өз көлігімен Қарауыл ауылынан Семей қаласына келе жатып жол апатына ұшыраған.

Toyota көлігінің жүргізушісіне әкімшілік кодекстің 610-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 6 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады,

— дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров