Тұсау кесу

"Баламыз жүйрік болады". Алматыдағы мерекеде қара нәсілді қыздың тұсауы кесілді

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Алматыда өтіп жатқан Наурыз мерекесі кезінде африкалықтар кішкентай қызының тұсауын кестірді. Тұсау кесу үшін арнайы ашылған орынға келген шетелдіктер қазақ дәстүріне қызығушылық танытқан.

Енді олар "баламыз жүйрік болады" деп жорып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматыда тұсауы кесілген қара нәсілді қыз жылап тұрып, кілемге қойылған кітапты алды. Елімізде жұмыс істейтін африкалық ерлі-зайыпты мереке кезінде баласын кездейсоқ тұсаукесер болып жатқан алаңқайға алып келген.

Оқи отырыңыздар:

"Алматыдағы мерекеде қазақтың салт-дәстүрлері бойынша жоралғылар жасалды. Соның ішінде тұсау кесу үшін бөлек алаңқайға көпшілік келіп, ырымын жасады. Мереке жүрген африкалықтар бұл дәстүрді таңсық көріп, баласының тұсауын кестірді. Аяғындағы жіпті қиған соң, олар "баламыз жүйрік болады" деп ырымдады", — дейді Алматы тұрғыны Әйгерім Омарбек.

Рәсімді жасау сәтінде аңырап жылаған жылаған балақай айналасын күлкіге қарық қылды. Кілеммен жүрудің орнына ұйымдастырушының біріне жабысып алды.

Балақайдың ата-анасы Африканың қай елінен екені белгісіз. Бейнежазба авторының хабарлауынша, олар Алматыда жұмыс істейтінін айтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров