Ұлыстың ұлы күні

Шымкентте аспаздар ұлттық тағам әзірлеуден жарысып жатыр

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Фото Шымкент қ. әкімдігі

Шымкентте Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік бағдарлама бойынша бүгін - "Ұлттық тағамдар" күні. Осыған орай қаладағы танымал мейрамханалардың аспаздары өзара додаға түсіп жатыр.

Фото Шымкент қ. әкімдігіФото Шымкент қ. әкімдігі
Фото Шымкент қ. әкімдігі

"ДәмДәсTour" атты мейрамханалар жәрмеңкесі екі күнге жалғасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық мейрамхана аспаздары қатысып отыр. Олар "Ең үздік шымкенттік палау", "Ең үздік шымкенттік наурыз көже", "Ең үздік шымкенттік кондитерлік өнім", "Ең үздік шымкенттік фаст-фуд", "Ең үздік шымкенттік кәуап" және "Ең үздік шымкенттік самса" аталымдары бойынша бақ сынасады.

Фото Шымкент қ. әкімдігіФото Шымкент қ. әкімдігі
Фото Шымкент қ. әкімдігі

Үздіктерді анықтайтын қазылар алқасының құрамында "Horeca Қазақстан" мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары Ұлттық қауымдастығының президенті Игорь Копайлов және елімізге белгілі шеф-аспаздар бар.

Фото Шымкент қ. әкімдігіФото Шымкент қ. әкімдігі
Фото Шымкент қ. әкімдігі

Жәрмеңкеге Шымкент әкімі қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысын айтты.

"Шымкенттіктердің әртүрлі тағамдарды дәмді дайындауымен танымал екені белгілі. Бұл ретте біздің жәрмеңкені өткізудегі басты мақсатымыз — сіздер мен біздің сүйікті шаһарымызды, шырайлы Шымкентіміздің еліміздің гастрономиялық туризм орталығы ретінде брендін қалыптастыру. Қала тұрғындары мен қонақтары шаһарымыздың қонақжайлылығын сезініп, мерекеден керемет эмоция алады деп сенім білдіремін", — деді Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов.

Фото Шымкент қ. әкімдігіФото Шымкент қ. әкімдігі
Фото Шымкент қ. әкімдігі

Айта кетейік, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі екі күнге жалғасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров