Ұлыстың ұлы күні

Шымкентте аспаздар ұзындығы 30 метрге жететін қазы айналдырды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Фото Шымкент қ. әкімдігі

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағамдар фестивалі жалғасып жатыр.

Мерекелік шарада жергілікті аспаздар ұзындығы 30 метр болатын қазы дайындады, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото Шымкент қ. әкімдігі

Онда тамақ өнеркәсібі саласында тәжірибесі мол аспаздар келушілерге ұлттық тағамдарды дайындау әдіс-тәсілдерінен шеберлік сағаттарын көрсетті. Атап айтқанда, түрлі мейрамхананың бас аспаздары сүт өнімдерінен әзірленетін — құрт, сүзбе, уыз көже, талқан, жент, ұлттық сусындарымыз — наурыз көже, боза, қымыз, шұбат, шалап, ұн өнімдерінен әзірленетін — кеспе, қамыр, жайма дайындау тәсілін көрсетті.

Дәл осы фестивальде оннан астам аспаз бен олардың көмекшілері қазы-қарта айналдыру әдісін айтып берді. Әзірленген қазының жалпы ұзындығы 30 метрге жетті.

Ұйымдастырушылар аспаздар дайындаған тағамдар мен қазы балалар үйі мен қарттар үйіне, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға таратылады деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров