Ұшақ апаты

132 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

Экспресс К

Видеодан кадр

Жолаушылар лайнері апатқа ұшырады деген ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде жариялана бастады. Ондағы мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға Қытайдың оңтүстігінде болған.

China Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Учжоу қаласы маңында радардан жоғалып кеткен , деп хабарлайды Экспресс К РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып

ҚХР Азаматтық авиация басқармасы апаттың болғанын растап отыр. Куньминь — Гуанчжоу бағыты бойынша келе жатқан әуе кемесі орманның ортасына барып құлаған. Ұшақ отқа оранып, соның салдарынан аталған аумақта алапат өрт тұтаныпты.

Ұшақта 132 адам болған, олардың 9-ы экипаж мүшелері. Әзірге зардап шеккендер мен қайтыс болғандар туралы ешқандай ақпарат жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров