Президент

Тоқаев бойжеткенді итеріп жіберген оққағарының қолын қағып, ескерту жасады

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға барған сәтінің тағы бір видеосы пайда болды.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан Мемлекет басшысының Алматыдағы Наурыз мерекесі кезінде алаңда жүрген сәтін көруге болады. Оны күзетшілері қоршап, бір топ адамның арасынан алып өтіп жатады. Сол кезде күзетшінің бірі бойжеткенді арқасынан итеріп жібереді. Президент оның қолын қағып, ескерту жасайды.

Видео желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары Президенттің қарапайымдылығына тәнті болды.

"Әйелді итеріп жіберген кісінің қолын тартып жіберді", "Осындай қарапайымдылығы үшін құрметтеймін", "Осы уақытқа дейін ел Президентінің бұлай халықтың ортасымен жүргенін көрмеп едім. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарапайым адам екеніне көзім жетті", "Міне, нағыз Мемлекет басшысы. Халықтың қасында, еш қорқыныш жоқ", "Президентіміз аман болсын, оққағарының қолын тартып жібергенін қарасайшы", "Сахнаның артынан келмей, халықтың арасынан саспай жүріп өтуге жүрегі бар адам екен", "Жолды ашып қойса қайтеді?" деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров