Кәсіпкерлер
Елімізде тауар этикеткасындағы қазақша жазуды алып тастамақ


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Отандық кәсіпкерлер сырттан келетін тауарларға мемлекеттік тілде жазылған арнайы заттаңбаларды жабыстыру қажеттілігі туралы заң талабын уақытша тоқтата тұруды сұрап отыр.
Аталған мәселе дағдарысқа қарсы жедел штабтың отырысында талқыланды, деп хабарлайды Экспресс К премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпкерлер бұл шара импорт өнімдеріне қазақ тіліндегі ақпараттық жапсырманы дайындау, тарату және тауарға жабыстыруға кететін уақытты үнемдеу арқылы бизнестің өнімділігін арттыруға себеп болар еді деп есептейді.
Жалпы, мемлекеттік тілдегі ақпараттық этикатканы алдағы уақытта тауардың QR-кодтары алмастыруы ықтимал.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов бизнесмендердің ұсынысын қолдап, Президенттің жарлығына қажетті мәліметтерді дайындауды тапсырды.
Бұған дейін ЭК еліміздегі жанар-жағармайдың көтерме саудадағы бағасы қымбаттауы мүмкін екенін жазған болатын
Бөлісу