Шоу-бизнес

Роза Рымбаева мен Иманбек бірлескен ән жазды

Экспресс К

instagram.com/rozarymbaeva / instagram.com/imanbekmusic

Халық Артисі Роза Рымбаева мен диджей Иманбек бірлесіп ән жазды.

Жаңа тректі олар тыңдарманға Наурыз қарсаңында ұсынып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Дәлірек айтқанда Иманбек пен Роза Рымбаева бірігіп, Халық артисінің орындауындағы әйгілі "Наурыз думан" әніне ремикс жасады. Бұл туралы Роза Рымбаеваның Instagram парақшасында хабарланды.

"Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашанда жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Біз Иманбек екеуіміз бірігіп, "Наурыз-думан" әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше серіктестігіміз сәтті шықты. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін. Осындай тынышсыз заманда бір-бірімізге қамқор болайық, мейірімділік көрсетейік, ренішке жол бермейік. Береке көзі — бірлікте", — делінген Роза Рымбаеваның Instagram парақшасында.

Сонымен қатар олар барша қазақстандықтарды әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров