Украина

Зеленский бірнеше партияның жұмысын тоқтатты

Экспресс К

Владимир Зеленский / © AP

Украина президенті Владимир Зеленский елдегі бірқатар оппозициялық партияның жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің мәләметәнше, Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі елдегі соғыс жағдайына байланысты кейбір партияның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Аталған партиялардың тізіміне "Оппозиционная платформа — За жизнь"; "Партия Шария"; "Наши"; "Оппозиционный блок"; "Левая оппозиция"; "Союз левых сил"; "Держава"; "Прогрессивная социалистическая партия Украины"; "Социалистическая партия Украины"; "Социалисты"; "Блок Владимира Сальдо" секілді партиялар енген.

Сондай-ақ бұл саяси құрылымдардың Ресеймен байланысы бар болуы мүмкін екені де айтылуда.

Зеленский партиялардың қызметін шектеу елдегі әскери жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғасатынын ескертті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров