Базар

Түркістанда экобазар ашылды

Экспресс К

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан жұртшылығы мен қонақтары үшін Қазақстанда теңдесі жоқ экобазар ашылды.

Онда Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен тауар өндірушілерінің өнімдері қойылады, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, экобазар — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Және өндірушілердің өнімдерін делдалсыз тікелей сату жүйесін қалыптастырады.

Мерекелік жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндірушінің 411 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері базар нарқынан 15-20 %-ға төмен бағада ұсынылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров