Шекара

Сауда министрі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға пікір білдірді

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан-Ресей шекарасында көліктердің жиналып қалу себебі айтылды.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл аумақта 10 күнге жуық қарлы боран соғып, көктайғақ салдарынан жолдар жабылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Сондай-ақ Бақыт Сұлтанов "Ресей шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуы бір жақтың, не басқа жақтың өткізуге рұқсат бермеуінің салдары" деген қауесетті жоққа шығарды.

Оған қоса боран кезінде 16-17 наурызда қазақстандық "Сырым" шекара бекетінде электр қуаты болмаған. Бұл Қазақстан тарапынан жүктердің кешігуіне себеп болды.

Бірақ қазір жолдар ашылып, тазартылды. Көліктерді өткізу қалыпты режимде жүріп жатыр,

— деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров