Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қытайда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын,

— делінген жеделхатта.

Еске салайық ЭК Қытайдың China Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жазды. Ұшақта 132 адам болған, олардың 9-ы экипаж мүшелері.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров