Қылмыскер

Атырауда 3 адамды атып өлтірген күдіктінің тапаншалары табылды

Экспресс К

Атырау облыстық ПД-нің баспасөз қызметі

Атыраудың қақ ортасында үш адамды атып өлтірген күдіктінің екі тапаншасы табылды.

Бұл туралы Атырау облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Еске сала кетейік ЭК 15 наурызда сағат 22:10 шамасында қаланың қақ ортасында болған атыс туралы жазған болатын.

Салдарынан 27 және 22 жастағы екі жігіт оқиға орнында қаза тауып, басына оқ тиген 26 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Кейін жақын жердегі мейрамхананың жанынан тағы бір адамның мәйіті табылды.

Полиция қызметкерлері аталған қылмысқа күдікті ретінде Маңғыстау облысының 1993 жылғы тумасын уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталған кезде тапаншасы болмаған. Полицейлер жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп екі тапаншаны тапты. Тапаншалар атыс болған аудандағы теректің бірінің түбіне жасырылған. Қазір екі тапанша сараптамаға жолданды,

— деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров