Ұлыстың ұлы күні

Бүгін – Ұлыстың ұлы күні

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін – көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы.

Наурыз мейрамы — көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша "наурыз" бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді.

Бұл айды соғдалықтар "наусарыз", хорезмдіктер "наусарджи", армяндар "навасарди", чуваштар "норас-ойахе" деп атаған.

Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады.

2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды.

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.

2010 жылдан бері Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн бойы тойланып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров