Дмитрий Гордон

Ресей билігі украиналық журналист Дмитрий Гордонға қатысты қылмыстық іс қозғады

Ержан ШАЙЖАН

Дмитрий Гордон

Ресей тергеу комитеті журналист Дмитрий Гордонға қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған ұлтараздықты қоздыру, соғысқа жария түрде шақыру баптары бойынша айып тағылған.

Журналистке қазір іздеу жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Украиналық журналистке қатысты қозғалған қылмыстық істі қазір тергеу комитеті қарап жатыр. Олар Дмитрий Гордонға Ресей қарулы күштері туралы жалған ақпарат таратты, орыс ұлтына деген өшпенділік тудырды және ұлтараздықты қоздырды деген айыптар тағылған.

Сондай-ақ Гордонның Украина телеарнасы арқылы Ресей Федерациясына қарулы шабуыл жасап, оған қарсы ядролық қаруды қолдану арқылы агрессивті соғыс ашуға шақырғаны анықталды.

Бұдан бөлек ол РФ әскерінің бейбіт тұрғындарды қырды, азаматтық инфрақұрылымдарды бомбалады деп жалған ақапарат таратқан көрінеді. Осы әрекеттері үшін журналистке Ресей тарапы іздеу жариялап, оның БАҚ арқылы таратқан барлық ақпаратына сараптама жасауға кірісті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров