Петропавлда апат болған жылу орталығының директоры мен бас инженері ұсталды


©pkzsk.info
Жылу-энергетика орталығының басшысы мен бас инженері жұмысына салғырт қарады деп айыпталып отыр. Олар 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы екі лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар тергеу қапасында жатыр, деп хабарлайды Экспресс К СҚО прокуратурасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, қадағалау органы басқа да жауапты тұлғаларды тексеруді бастады.
Қазір Қылмыстық Кодекстің 254-бабы бойынша іс тергеліп жатыр. Осы жылдың 21 наурызында облыстық Полиция департаменті Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы тәртібімен "ЖЭО-2" ЖШС директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің бас инженері ұсталды,
Оқи отыңыз:
Апат болған жердегі үйінділерді аршып, тексеру ісі өткен түнде тоқтатылды. Жоғалды деген әйел әлі табылған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні Петропавлда жылу орталығындағы биіктігі 150 метр мұржа құлаған еді. Апаттан кейін қаланың көп бөлігі ыстық су мен жылусыз қалды.
Бөлісу