Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әр отбасыға бақыт, денсаулық және бақ-береке тіледі.

Назарбаевтың құттықтау сөзін өзінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы бүгінде ел бірлігінің, келісім мен тұрақтылықтың жарқын символына айналып отыр.

Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады.

Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалар бұл мейрамның маңыздылығын одан әрі арттыра түскені сөзсіз. Ол бізге қоғамдағы келісімнің, көпұлтты еліміздегі тыныштық пен мамыражай өмірдің қадірін түсінуге көмектеседі.

Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер береді.

Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға ырыс пен молшылық әкелсін!", — делінген құттықтауда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров