Дэвид Бекхэм

Дэвид Бекхэм Instagram-дағы парақшасын украиналық дәрігерге берді

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/davidbeckham

Атақты футболшы Дэвид Бекхэм Instagram-дағы 71 миллионнан астам жазылушысы бар парақшасын украиналық дәрігер Ирина Кондратоваға берді.

Дәрігер Харьковтегі облыстық перинаталдық орталықтың меңгерушісі болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ағылшын футболшысы ондаған миллион оқырманы бар парақшасын украиналық дәрігерге уақытша қолдануға берген. Ол осы арқылы соғыс жағдайындағы перзентханананың тыныс-тіршілігін әлемге паш еткісі келіпті.

Ирина аналарды босандырумен айналысады. Оның және басқа да медицина қызметкерлерінің жұмысын көру үшін менің парақшамды бақылап отырыңыздар,

-деп жазды Дэвид Бекхэм.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров