Ресейде Facebook пен Instagram-ға тыйым салынды


Видеодан кадр
Ресей соты америкалық Meta компаниясын экстремистік ұйым деп таныды. Шешім Facebook пен Instagram-ға қатысты. Ал WhatsApp мессенджері жұмысын жалғастырады.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, Facebook немесе Instagram-ды қолданған ресейліктер жазаланбайды, деп хабарлайды Экспресс К.
Алайда кейбір заңгерлердің пікірінше, енді осы әлеуметтік желілерде жарнама сатып алатын немесе Meta акцияларын сатушылар түрлі мәселемен бетпе-бет келуі мүмкін.
Бұл туралы Газета.ru жазды.
Бас прокуратура бұл талапты ресейліктердің құқығын одан әрі бұзудан қорғау деп түсіндірді. Мәлімдемеде Instagram-ның Ресейдің Украинадағы арнайы операциялары туралы жалған мәліметтерді жою және рұқсат етілмеген митингілерге шақыру туралы 4,5 мыңнан астам талапты елемегені айтылды.
Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар Ресейдің Бас прокуратурасы Meta өз ережелерін бұзып, Ресей әскеріне зәбір көрсеткен жарияланымдарға рұқсат бергенін атап өтті.
Бөлісу