Билеу

Апалар дастархан басында отырып бидің түбін түсірді

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Отырыста айғайлап тұрып билеген апалардың бейнежазбасы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Ақ жаулықты аналарға жылы лебіз білдіргендер көп.

Бейнежазбадағы кісілердің кім екені белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Дастархан басында көңіл көтеріп отырған апалардың видеосы көптің қызу талқысына түсті. Онда бір топ кейуана отырған орындарында билеп, мәз болып жатыр. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.

Ал желі қолданушылары "Айналайын ақ жаулықты апаларым, әрдайым перзенттерінің алдында ойнап-күліп 100 жасай беріңіздер", "Қисалақтап, тұрып билеп, жастарға күлкі болғаннан, отырып билегеннің өзі тамаша екен", "Мың жасаңыздар", "Апаларым мықты", — деп түрлі пікір қалдырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров