Соғыс

БҰҰ Украинада 925 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады

Экспресс К

©AP/Sergei CHUZAVKOV

Украинадағы соғыс кезінде 24 ақпаннан 20 наурызға дейін 925 бейбіт тұрғын көз жұмып, 1496 адам жараланған. Сондай-ақ 10 миллион адам немесе бүкіл ел халқының төрттен бір бөлігі үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Оның ішінде 3,5 миллионға жуық азаматтың басқа мемлекеттерге кеткені айтылады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мәлім етті. Өлтірілген 925 адамның 183-і ер, 137-сі әйел, 11-і қыз бала және 25-і ұл бала. Ал 39 бала мен 530 ересек адамның жынысы әлі анықталған жоқ.

Бейбіт тұрғындардың көбі атыс алаңында жарылғыш қаруды қолдану кезінде зардап шеккен. Оның ішінде ауыр артиллерия мен жаппай атыс жүйелері, зымырандар және авиациялық соққылар болды,

— делінген БҰҰ хабарламасында.

Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы зардап шеккендердің соңғы күндері айтарлықтай көбейген деп санайды. Бірақ соғыс қимылдары жүріп жатқан жерлерден ақпарат кешіктіріліп жатыр.

Көп хабарлама әлі де зерделей түсуді қажет етеді. Атап айтқанда, Донецк, Сумы, Луганск, Харьков облыстарының елді мекендерінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар туралы хабарламалар расталмай тұр. Әлі статистикаға енгізілмеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров