Төбелес

Теміртауда футзалдың соңы жаппай төбелеске ұласты

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Теміртауда Наурыз мерекесіне орай футзалдан өткізілген турнир төбелеспен аяқталды.

Ойын "Ақ жол" және "Имсталькон" командалары арасында өткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы "Футзал Казахстан" Telegram-арнасы жазды. Ондағы видеода "Ақ жол" және "Имсталькон" командалары арасындағы ойын көрсетілген. Ойын барысында 0–3 есебімен ұтылып жатқан "Имсталькон" командасының ойыншысы тосын мінез көрсетіп, қарсылас командадағы әріптесіне қол жұмсайды.

Сол-ақ екен, екі жақтың футзалшылары бір-бірімен төбелесіп, ойынның арты жаппай жанжалға ұласады. Турнир Теміртауда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған болатын. Әзірге жарақат алғандар туралы нақты ақпарат жоқ.

Ал Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі төбелескен спортшыларға қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді. Әзірге олардың қандай жазаға тартылатыны белгісіз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров