Жол апаты

Ақмола облысында тас жол бойындағы көліктің түгі қалмай жанып кетті

Арман ТОРҒАЙҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде жол бойында автомобильдің өртеніп жатқан видеосы жарияланды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға Көкшетау — Атбасар трассасында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Апаттың видеосы Instagram-дағы Это Кокшетау Детка парақшасына салынды.

Бейнежазбада өрттің неден болғаны, зардап шеккендердің бар-жоғы айтылмайды.

Мән-жайды білмекке Ақмола облысы Полиция департаментіне хабарластық. Баспасөз қызметіндегілер оқиға 21 наурыз күні сағат 13:00 шамасында Полтавка ауылы маңында болғанын растады.

Көкшетау — Атбасар автожолында электр сымдарының тұйықталуы салдарынан "Volkswagen-Passat" маркалы автомобиль жанған. Өрт салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шеккен жоқ. Автокөлік толығымен жанып кетті,

—деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров