Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалдының ел білмейтін тағы бір хан сарайы анықталды

Ержан ШАЙЖАН

Қайрат Сатыбалды / facebook.com

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, үлкен көлемде қаржы жымқырды деген айыппен екі айға қамауға алынған Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы тағы бір резиденциясы анықталды. Оның ғажап үйі Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Ұзын Қарғалы шатқалында орналасқан.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Вилланың аумағында үлкен бақ, екі тікұшақ алаңы және бірнеше коттедж бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Экспресс К тілшісіне заңгер Бақытжан Базарбек айтып берді. Оның айтуынша, Алматыдағы Қайрат Сатыбалдыға тиесілі зәулім үйдің құрылысы 2014 жылы басталған. Көлемі 2500 шаршы метр болатын вилланың аумағында бақ, екі тікұшақ алаңы, теннис корты, қонақ үй, күзетшілер тұратын және қонақтарға арналған бірнеше үй бар.

Бұл нысан Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан. Бақытжан Базарбек бұл жерлерді Ұлттық саябақтың меншігіне қайтару мақсатында жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Бұған дейін де Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Алматыдағы резиденциясы туралы БАҚ жазған болатын.

Экспресс К бұл мәселені назарда ұстайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров