"Екінші республика" деп Тоқаев нені меңзеді?


PK Президентінің баспасөз қызметі
Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтау кезінде "Екінші республика" туралы айтқан еді.
Президенттің осы сөзіне қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин түсініктеме берді, деп хабарлайды Экспресс К.
Кейбір сарапшылар бұл түсініктің астарында не жатқанын және бұған дейін жарияланған "Жаңа Қазақстан" концептісіне қандай қатысы барын сұрап жатыр. Шын мәнінде, осы екі идеологеманың мәні бір, яғни тек акценттерінде ғана айырмашылық бар,
Оның айтуынша, бұл тұрғыда қоғамдық құндылықтарды жаңарту мен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру қажеттігі туралы сөз қозғалып отыр. Қарин бұл еліміз Қаңтар оқиғасы немесе жолдаудан кейін бірден автоматты түрде Жаңа Қазақстанда өмір сүре бастады дегенді білдірмейді. Жаңа Қазақстанды құру бір сәтте іске аса қоймайды. Бұл — өз кезегінде қоғамдық трансформацияның терең және ұзақ процесі деп айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңа Қазақстан — қоғам мен ұлттың жаңаруы болса, ал Екінші республика — мемлекеттік үлгінің жаңаруы,
Мемлекет басшысы кеше Наурыз мейрамында алматылықтармен қауышқан болатын.
Бөлісу